Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Арман» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны педагог қызметкерді, яғни дефектолог маманын 1 бос орынға орналасуға.
Мекеменің орналасқан жері: Қарағанды облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Арман» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны,Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы,Б.Момышұлы көшесі 24 А ғимараты .
Мекеменің қызмет түрі: Білім беру саласындағы қызмет (мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту).
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
1) арнайы орта білімді, жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім;
2) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
3) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) кадрларды есепке алу бойынша толтырылатын жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6)"Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қаңтардағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психоневрологиялық ұйымынан анықтама;
8) наркологиялық ұйымынан анықтама;
9) соттылығының жоқ екені туралы анықтама;
10) жазалар мен көтермелерді көрсете отырып, бұрынғы жұмыс орнынан мінездеме;
11) ҰБТ (Ұлттық біліктілік тестілеу) сертификаты немесе педагог-модератор, педагог - сарапшының, педагог - зерттеушінің, педагог - шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психологияны, пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері: Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді.
Оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді түрлерін, әдістері мен құралдарын қолданады.
Әдістемелік бірлестіктердің, әдістемелік кеңестердің, желілік қоғамдастықтардың отырыстарына қатысады.
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді.
Арнайы (түзету) білім беру мекемелерінде оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, дамуында ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілікті арттырады.
Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын орындайды.
Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз етеді.
Ата-аналармен немесе оларды алмастыратын тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.
Жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасы талаптарын орындайды.
Білім беру процесі кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажетті жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.
Тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттарды толтырады.
Білім алушылар, тәрбиеленушілер, арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады.
Лауазымдық жалақы мөлшері: 80000 теңгеден 150000 теңгеге дейін (еңбек өтіліне, санатына байланысты).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру білім беру ұйымының сайтында және Instagram, Facebook парақшаларында жарияланған сәттен бастап 5 күн ішінде (27 тамызға) дейін мекен- жайында , Жезқазған қаласы,Б.Момышұлы көшесі 24 А ғимаратында қабылданады.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/novosti-kz/479-khabarlandyru.html#sigProIdfa7aad8f2c