oC
2022 жылдың 2-ші наурыз күні "Балапан" кіші тобында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты ертеңгілік іс шара өткізіліді.
Ертеңгілік тақырыбы "Ну орманда кім тұрады?". Ағаш басындағы көңіл көтергісі келген тиын, балшықтағы достарын іздеген бақа, бұта түбіндегі көжегін күтіп отырған қоян, анасынан адасып қалған балапанға көмектесу, осы тақырып арқылы балалардың бойында достарына көмектесу, бір- біріне жанашырлық таныту сияқты мейірімділік сезімдерін арттыру- бүгінгі ертеңгіліктің негізгі мақсаты болды. Музыкалық жетекшінің көмегімен өткізілген іс шара барысында балалар "Құттықтаймын мама" әнін айтып "Сылдырмақ", "Бақа-бақа", "Қоян"билерін биледі, аналарына арналған өлең шумақтарын оқыды. Балалар аналарына арнап жасаған құттықтау ашық хаттарын тапсырды.
Іш-шара соңында бөбекжайымыздың басшысы Амангүл Тамабайқызы құттықтау сөз сөйлеп барша әжелер, аналар, әйелдер, қыздар қауымын атаулы мерекемен құттықтап жылы лебізін білдірді.