2022 жылдың 3-ші наурыз күні "Қарлығаш" ортаңғы тобында 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты ертеңгілік іс шара өткізіліді.
Ертеңгілік тақырыбы "Фея гүлдері бізде қонақта". Балалар іс шараның басында аналарына арналған өлең шумақтарын оқыды. Музыкалық жетекшінің, хореограф көмегімен өткізілген іс шара барысында балалар "Мамам гүлдің бағбаны" әнін айтып , "Ах, какая мама!","Гүлдер биі" "Аспаздар биі", Фея гүлдері әуенмен кірді. Балалар Фея гүлдерінің тапсырмаларын жақсы көңіл-күймен орындап берді. Іс-шара соңында балабақшамыздың басшысы Амангүл Тамабайқызы құттықтау сөз сөйлеп барша әжелер, аналар, әйелдер, қыздар қауымын атаулы мерекемен құттықтап жылы лебізін білдірді.