oC

Мекен-жай: Жезқазған қаласы, Момышұлы 24/а, П.И.:100600,

@mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Телефон: 87102 410710

 

Қарағанды облысы білім басқармасының, Жезқазған қаласы білім бөлімінің

КМҚК «Арман» бөбекжайына уақытша бос «Мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру нұсқаушысы»  лауазымына апталық жүктемесі 24 сағат педагог қажет.

Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;

    Лауазымдық міндеттері: Балалардың денсаулығын сақтау мен қорғауды қамтамасыз етеді. Денсаулық сақтау функциясы қызметін атқарады. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты талабына сай, Үлгілік оқу жоспары мен медициналық персоналдың ұсынымдарын ескере отырып, дене шынықтыру бойынша оқу қызметін жоспарлайды және жүзеге асырады.

       Дене тәрбиесінен инновациялық технологиялық және оқытудың отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу жұмыстарының, авторлық шығармалардың негізінде педагогикалық қызметтің жаңа бағыттарын оқып білумен және оны жұмыс барысында қолданумен шұғылданады.

      Ата-аналардың мектепке дейінгі бала тәрбиесі мен оқыту барысында туындаған сұрақтарына жауап беріп, көмек көрсетеді. Ақпараттық коммуникативтік құзыретті меңгерген.

      Дене шынықтыру-салауатты ортаны дамытуға қатысады, мектепке дейінгі ұйымның педагогикалық ұжымымен бірге, сондай-ақ, ата-аналар мен қоғамдық ұйымдардың көмегімен ұйымдастырушылық-әдістемелік және жұмысты ұйымдастыруды, көпшілік іс-шараларды өткізуді жүзеге асырады. Санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуын және ұйымдастырушылық оқу қызметтерін, спорттық мерекелер және ойын-сауықтарды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларды қадағалайды. Арнайы медициналық топқа жатқызылған балалармен қосымша сабақтар өткізеді.

      Оқу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының есептілігі бойынша белгіленген құжаттарды жүргізеді.

       Білім беру ұйымдарында "Құндылықтарға негізделген білім беру" тұжырымдамасын білім беру процесінде барлық нысандар, оның ішінде балалар отбасыларының қатысуымен енгізеді.

Білуге міндетті:

       Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және және басқа да білім беруді дамытудың бағыттары мен келешегін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді,

       дефектология негіздерін және тиісті әдістемелерді (кемтар балалармен жұмыс істеу барысында),

      санитария және гигиена негіздерін, жас ерекшеліктер психологиясы мен педагогикасын, алғашқы медициналық көмек көрсетудің ережелерін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік ережелерін, санитариялық ережелерді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен 7 күн.

    Қажетті құжаттар тізбесі;

      1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

      10) Бағалау парағы.

Ескерту: 10-18 наурыз аралығы (құжатты қабылдау)

21.03.2022 жылы конкурс өту мерзімі