oC

2022 жылдың 23 сәуірі күні Жезқазған қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің «Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі» атты қалалық форумы өтті.
Форумның мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруді басқару мен сапасындағы проблемаларды анықтау.
Форум жұмысына 150 делегат қатысты. Оның ішінде қалалық білім бөлімдерінің мамандары мен әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері мен педагогтері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, Ұлытау ауданы білім бөлімінің әдіскерлері мен тәрбиешілері, шағын оралық және мектепалды даярлық тәрбиешілері қатысты.
Форум 2 кезеңде өтті: пленарлық отырыс және секциялық алаңдар жұмысы.
Форумда төрт секция жұмысы ұйымдастырылды:
-«Мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың заманауи тәсілдері және оның мазмұны»
- «Менеджмент пен сапа - мектепке дейінгі ұйымдардың дамуының жаңа векторы»
-«Ойын алаңы мектепке дейінгі білім берудің негізі ретінде»
- «Мектепке дейінгі ұйымдарда инклюзивті оқытуды жүзеге асыру»
Пленарлық отырыс Қарағанды облысы білім басқармасының «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ басшысы Женис Едигеевичтің құттықтау сөзімен басталды. Форум барысында Мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды интеллектінің дамуы, «Болашақ тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту жолдары, мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі, Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, «Әжемнің ертегісі» жобасы аясында балалардың танымдық қабілетін дамыту және басқа да мәселелер талқыланды.