Жезқазған қаласы білім бөліміні әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес мектепке дейінгі білім беру ұйымдары және мектепалды даярлық, бастауыш сынып мұғалімдері арасында «МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМ МЕН БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНІҢ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР» атты диалогті алаңы өткізілді. Білім бөлімінің әдіскері Ш.А.Есенова келген тәрбиешілер мен бастауыш сынып оқытушыларын оқу жылымен құттықтап, тәрбиешілер мен бастауыш сынып ұстаздары арасынала тренинг ұйымдастырылды. Ясли-сад Арман бөбекжайымыздың бүлдіршіндері "Қазақстаным Отаным" әнің орындап көрермендерді тәнті қылды. Әдіскеріміз Айгерим Ардаковна осы іс-шараның жүргізушісі болды. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Жыл қортындысы бойынша "Марапаттау рәсімінде" әдіскер Ултыкеева А. А. -"Үздік әдіскер"кубогын және "Құрмет грамотасымен" және тәрбиеші Оспанова Н. М., логопед Колесникова Ю. Р. алғыс хаттармен марапатталды! Бұл біз үшін үлкен жетістік! Осы орайда Жезқазған қаласының білім бөлімінің әдіскері Есенова Шолпан Асановнаға алғысымызды білдіреміз!