31.05.2022 жылы оқу жылының соңғы #5 "Біздің жетістіктеріміз" атты педагогикалық кеңесіміз өтті. Кеңес барысында топ тәрбиешілері және пән педагогтары жыл бойы өткізілген жұмыс барысын баяндап, қорытындылады. Педагогтардың мәртебесін, көтеріп, жаңа оқу жылына ынталандыру мақсатында бөбекжайымыздың директоры Амангуль Тамабаевна топтардың жылдық жұмысын қорытындылай келе "Үздік топ" кубыгымен марапаттауды жөн көрді. Бұл марапаттау педагогтарға тосын сый ретінде жүргізілді. Педагогикалық кеңестің соңында А. Т. Исина барлық педагогтарды нәтижелі оқу жылының аяқталуымен құттықтап, "Жұлдыз" ортаңғы инклюзивті тобының тәрбиешілері Г. В. Ахметованы , И. П. Кудряйды "Үздік топ" кубогымен марапаттады. Топ тәрбиешілері өздерінің қатты қуаныштарын білдірді. Осы марапаттау арқылы басқа да педагогтар ынталанып келесі жылы өте жақсы жетістіктерге жетеді деп ойлаймыз.
http://arman-zhez.1-bilim.kz/novosti-kz/572-zhyly-o-u-zhylyny-so-y-5-bizdi-zhetistikterimiz-atty-pedagogikaly-ke-esimiz-tti.html#sigProIda4b29a4b28