30.06.2023 жылы КМҚК «Арман» бөбекжайында Қамқоршылық кеңестің, ата-аналар қауымдастығының, педагогтердің алдында ұйымның қаржылық-шаруашылық сұрақтар бойынша есеп беру жиналысы өткізілді. Жиынға жалпы 23 адам қатысты. Ата-аналар қауымдастығынан жеке сұрақтар қойылып, жауап алынды. Жалпы қаржылық-шаруашылық есеп бойынша мекеме басшысы А.Т. Исина және есепші Ильясова Г.С., экономист – Ахмолдина А.Е. баяндамаларын оқыды. Жиналыс басында әдіскер А.А. Ултыкеева жиналыс қатысушыларына «Сенім» тренингін өткізді. Жиналыс қатысушылары толық ақпарат алғандарын айтып, жеке сұрақтарына жауап ала алды.